АНТЫНА АДАЛ, СЕРТІНЕ БЕРІК ЖАС МАМАН

Өрт сөндіруші-құтқарушы әлемдегі ең қауіпті мамандықтардың бірі,  әрі нағыз ер азаматтарға тән мамандық. Бұл мамандық — жүректілік пен  батылдықты талап етеді. Әрдайым адамдарды және олардың материалдық  құндылықтарын аман алып қалу үшін аянбек етіп жүрген батыл жандардың  еңбегі алкен құрметке лайық.

Күн сайын өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлар ағымдағы жылы өздерінің мерейлі мерекелерін атап өткелі жатыр, яғни 2020 жылы азаматтық қорғау органдарына 25 жыл
толды.

Дәл осы жылы 25 жасқа толып отырған, жас болсада өзін жақсы қырынан көрсете білген, белсенді, ең бастысы антына адал жас мамандардың бірі- Бексұлтан Миятұлы Ибадулла. Бексұлтан Миятұлы — адамдардың өмірі мен олардың материалдық құндылықтарын тілсіз жаудан араша етуді бала
кезінен арман еткен азаматтық қорғау аға лейтенанты.


Төлеби ауданы Керегетас ауылында ұстаздар отбасында дүниеге келген ол жастайынан алғыр, өжет болып өседі. Керегетас жалпы орта мектебінде оқып, орта білім аттестатын алғаннан кейін Көкшетау техникалық институтына оқуға түседі.

Институт қабырғасында ол өзінің белсенділігін танытып, түрлі байқауларға қатысып, институттың намысын қорғады. Өзінің мамандығына деген зор ықаласының арқасында аталған оқу орнын тәмамдап, алғашқы шенін алды. Бұл жас өрт сөндірушіге болашаққа деген үлкен үміт сыйлады.
Халықтың игілігі үшін қызмет етуді мақсат тұтқан Бексұлтан алғашқы қызмет жолын 2017 жылы Шымкент қаласы №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженер болып бастайды. Қызметке алғаш қадам басқаннан-ақ ол өзінің өжеттілігін танытып, жақсы жағынан көрінді. Одан
2018 жылы Қызметтің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің инженер лауазымына ауысады. Қазіргі таңда аға инженер қызметінде.

Барлық іс-шарада белсенділік танытып, өз ізін тиянақты орындайтын Бексұлтан тәжірибелі мамандардан үйренуден әрдайым жалыққан емес. Қала аумағында орын алған өрттерде, оқу-жаттығуларда алдыңғы шепте көрініп жүрген Бексұлтан Миятұлы 2019 жылғы 24 маусымда Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай кезінде басқа да өрт сөндірші- құтқарушылармен бірге көмекке аттанды. Оқиға орнында ең басты міндеті- адамдардың өмірін құтқару үшін қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстарын белсенді жүргізді. Анаға да, балаға да, қарт пен жасқа да өз көмегін аямай, күн-түн демей, басқа да өрт сөндірушілермен бірге қызмет етті.

Өзінің антына адал, қызметтік міндетін бұлжытпай орындайтындығын осылайша дәлелдей білді. Осы үшінде Бексұлтан Миятұлы ҚР Президентінің Жарлығымен «Ерлігі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды. Осындай жаңа серпіннің бастауына айналған жас ұрпаққа еліміздің қашанда артар сенімі мол. Ал, ондай жастарымыздың бастамаларына қолдау көрсету антқа адалдық-ардың ісі деп білетін біздің-аға буынның міндеті деп
білемін.

А. Бейсембаев Шымкент қ. ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *