АЛҒАШ РЕТ АНЕВРИЗМАҒА ОТА ЖАСАЛДЫ

Шымкенттегі  кардиологиялық орталықта бірегей ота жасалды. Ерекшелігі — мамандар жүрек қан тамыры зақымданған науқасқа операцияны кеуде тұсын кеспей, аяқ сан тұсынан арнайы құрылғыны өткізу арқылы жүзеге асырды.

Алғашқы отаның сәтті өтуіне  Нұр-Сұлтан қаласынан келген білікті мамандар ат салысты. Енді алдағы уақытта, Шымкенттік дәрігерлер де еш қиындықсыз қолқа күретамырына ота жасауға мүмкіндіктері бар. Аталмыш диагнозы бар науқастар енді бас қалаға сабылмайды. Жергілікті мамандардың көмегіне жүгіне алады.

Мамандардың айтуынша, қолқа күретамыры кешіксең кешірмейтін кесел. Сырқат та симптомсыз болатын көрінеді. Аневризма, яғни, жүректен шығатын басты қантамыр қолқасы кеңейгенде көп мөлшерде қан кетіп, науқас аяқ асты көз жұмады екен. Диагноз ертерек анықталса өлімнің алдын алуға болады. Мұндай оталар елімізде 2013 жылдан бері жасалып келеді. Бүгін Шымкенттегі кардиологиялық орталықта алғаш рет өтіп отыр. Ота еліміздегі Ұлттық кардиология орталығы мамандарының көмегімен 70 және 46 жастағы науқастарға жасалды.

Дәрігерлердің сөзіне сүйенсек, елімізде қолқа аневризмасына жылына орта есеппен 120 ота өткізіледі. Оған қажетті стент-графт құрылғысын AB service companyЖШС жасап шығарады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *