Мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуына бөлінген республикалық бюджет қаржысын игеруде Шымкент қаласы еліміз бойынша көшбастап тұр. 2020 жылдың 1 қазанындағы есепті кезеңде бюджет қаржысы 100 пайызға иегерілген. Бұл туралы қаржы басқармасы мәлімдеді.
Мамандардың айтуынша, қаланың биылғы жалпы бюджеті 454,5 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде 243,3 млрд теңге республикалық бюджеттен бөлінген. Бүгінгі таңда осы жылдың 9 айына жоспарланған 300,5 млрд теңге қаржы толығымен иегерілген. Сондай-ақ, 33,5 млн. теңге көлеміндегі бюджет қаржысы үнемделіп отыр. Ал, қалған 150 миллиардтан астам қаржы жыл соңына дейін толығымен игерілетін болады.Айта кетейік, қала бюджеті республикалық статусқа дейін 133 млрд. теңге болса, 2020 жылға 321,5 млрд. теңгеге артты. Бүгінге қала бюджеті 454,5 млрд. теңгеден асып отыр, оның 47 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған.