ОРТА АЗИЯДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АЛЮМИНИЙ ҚҰТЫ ЗАУЫТЫ АШЫЛАДЫ

Қала әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев «Оңтүстік» индустриалды аймақтағы бірқатар кәсіпорындарды аралады. Ол еліміз бойынша ең ірі зауыт болып табылатын «ЕвроКристалл» ЖШС мен қаламыздағы ең ірі металл шығаратын «Sin Yuan Steel» ЖШС-нің жұмыс барысын бақылады. Сондай-ақ, Айбек Берікұлы құрылысы жүріп жатқан Орта Азиядағы алғашқы алюминий құты өндіретін зауыттың жоспарымен танысты. 

«ЕвроКристалл» ЖШС — тамақ өнеркәсібі мен фармацевтикалық өндірістерге арналған кең сұрыптамалы және әртүрлі формадағы жоғары сапалы шыны ыдыс шығаратын заманауи зауыт. Өндіріс орны Қазақстан Республикасындағы ең ірі зауыт болып табылады. 2011 жылы ашылған кәсіпорын қазіргі таңда 300 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Спикер: Рустам Сухов«ЕвроКристалл» ЖШС-нің директоры

-Барлық әлем үшін қиын-қыстау кезеңде біздің кәсіпорын өз жұмысын тоқтатқан жоқ, штаттық режимде  жұмыс жасадық. Карантин де кедергі келтірмеді. Себебі, біз сұранысқа ие әрі маңызды өнім шығарумен айналысамыз. Қазіргі таңда жылына 200 миллион шыны ыдыс өндіреміз. Алайда, мұнымен еліміздегі сұраныстың 70 пайызын ғана қанағаттандырып отырмыз.

Сондай-ақ, серіктестік келер жылы өз ауқымын кеңейтпек. 2021 жылы құрылысы толықтай аяқталатын кәсіпорын Орта Азиядағы алғашқы алюминий құты өндіретін зауыт болмақ. Жаңа өндіріс ошағы 160 адамды жұмыспен қамтып, жылына 500 миллион өнім шығаруға қауқарлы болады, — дейді кәсіпорын директоры. Ал, қала кәмінің орынбасары жобалардың жүзеге асырылуына мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетіліп жатқандығын айтты.

Спикер: Айбек Сәттібаев – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

Ал, «Оңтүстік» индустриалды аймақта орналасқан  «Sin Yuan Steel» ЖШС-і жұмысын жақында бастаған. Бүгінгі таңда бұл жоба Шымкент қаласындағы ең ірі металл зауыты болып отыр. Жарғылық капиталдың 70 пайызы Қытай Халық Республикасына тиесілі. Мұнда құрылысқа қажетті арматура, созба сым, бұрыш, швеллер, сондай-ақ таспалы болат даярланады. Жылына 500 мың тоннадан астам дайын өнім шығаруға қауқарлы кәсіпорында кадр тапшылығы бар екен.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *