Адырбеков көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары 2 жыл бұрын басталған болатын. Бір бөлігі — 800 метріне жол жөндеу жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді. «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының мамандары мен » Шымкент — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері асфальттан керн алып, жолдың сапасын анықтады.
Жалпы ұзындығы 3,6 км көшенің жаңартылуына мемлекеттік бюджеттен 1 миллиард 600 миллион теңге бөлінген. Сондай-ақ, аталмыш қаражатқа жаяу жүргіншілер жолы, жол жиектемесі мен жарық қарастырылған.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасовтың айтуынша, көшенің жалғасының жөндеу жұмыстары ұзаққа созылмайды. Сондықтан тұрғындарға алаңдауға негіз жоқ.
Айта кетейік, қазіргі таңда аталған көшеде жол құрылысын жүргізіп жатқан «Базис-К» ЖШС компаниясы жұмысты 2022 жылы толық аяқтамақ.