2020 жылы Шымкент қаласындағы 256 көшеде құрылыс жұмыстары қызу жүргізілді. 225 көше орташа, 6 көше күрделі жөндеуден өтті. Оған 26,9 миллиард теңге қаралған. Қазіргі таңда, 256 көшенің 95 пайызы пайдалануға берілді.
2020 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қалалық департаменті «Сапалы жол — Адалдық алаңы» жобасы аясында 23 рет тексеріс жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде 93 қателік анықталған. Оның 88-і қайта қалпына келтірілген. Бұл енді айтуға ғана оңай…
Енді, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Шымкент қалалық филиалының ресми мәліметтеріне тоқталсақ. Мекеме жыл басынан бері құрылыс жұмыстары жүріп жатқан 256 нысанның 186-сын сараптамадан өткізген. Бір қызығы 245 нысаннан 1094 кемшілік тапқан. Тауып қана қоймай, тиісті мекемелерді түртпектеп жүріп, бірқатар кемшіліктің көзін жойған.
Қателік қайдан кетіп жатыр? Білікті маман тапшы. Қазіргі таңда, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалы мектеп бітіруші түлектермен етекне жұмыс істеп жатыр. 2020 жылы «Кәсіби бағдар -1000 мектеп» акциясы аясы бойынша филиал қызметкерлері 18 мектеп оқушыларымен оффлайн кездесулер өткізген.
Сонымен қатар 2020 жылы 4 студент «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалында тәжірибиеден өтіпті.
«Төрт студентке 80 мың теңге жалақы төлеп отырдық. Біздің мақсат жол саласына жастарды тарту»- дейді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының директоры Мұхтар Дүйсембеков.
«Жол автивтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалы мен Шымкент қалалық білім басқармасы арасында тығыз байланыс орнады деп айтаға негіз бар. «Кәсіби бағдар -1000 мектеп» акциясы аясында 130 мектептің қатысуымен онлайн кездесу ұйымдастырылған. Кездесуге жалпы
саны 1200-ге жуық жоғары сынып оқушылары қатысқан.
Bozyq.kz