Қазақстанда жол саласында маман тапшы. Ресми деректерге сүйенсек, автомобиль жолдарын салу және жөндеу жұмыстарына 3 мыңдай адам қажет.
Қазіргі заман талабына сәйкес, жолшы кәсібі сапаны және білікті мамандарды талап етуде. Бұл тұрғыда Қазақстан шетелден жұмысшы күшін тартуды қысқартып, қазақстандық мамандарды даярлауға көңіл бөліп отыр. Бүгін мектеп оқушылары «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалына қарасты Сынақ зертханасының жұмысымен танысты. Жас жеткіншектер жолшы кәсібінің мәртебесі, оның ішінде мамандық салалары, жұмыспен қамту талаптары, міндеттері, еңбек шарттары мен лайықты жалақысы туралы егжей-тегжейлі ақпарат алды.
Ермек Намазов – «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының инженері
-Жол құрылысы, жол жөндеу жұмыстары сапалы болуы ол бірінші кезектерге мамандарға байланысты. Сондықтан бүгін жол саласын таңдаймын, қызығушылық білдіремін деген оқушыларды осы біздің ғимаратқа алып келіп, экскурция өткізіп жатырмыз. Біздің құрал жадбықтармен танысып жатыр. Біздің мақсат –жас мамандардың жол саласына деген қызығушылығын ояту.
«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК бас директоры Замир Сағыновтың бастамасымен 2020 жылы «1000 мектеп» науқаны басталды. Көзделген мақсат — мектеп бітірушілермен тікелей кездесу өткізіп, жол мамандығына тарту. Игі шара биыл да өз жалғасын табуда.