300-ге жуық көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Биыл Шымкент қаласында 21,2 шақырым магистралды көше, 202,6 шақырым ішкі орам көшеге орташа жөндеуден өтеді. Шаһардағы 223,8 шақырым болатын 291 көшеге орташа жөндеу жұмыстары
жүргізіледі.

Оның ішінде 21,2 шақырымы магистралды көше, 202,6 шақырымы ішкі орам көшелер. Орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелердің 61,6 шақырымы Абай ауданына тиесілі болса, 10 шақырымы ӘлФараби
ауданында, 60,5 шақырымы Қаратауда, ал 70,5 шақырымы Еңбекші ауданында жүргізіледі.

Жалпы қалада 2025 жылға дейін ұзындығы 1000 шақырым шамасында болатын жол орташа жөндеуден өткізу жоспарлануда. Нәтижесінде жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдар үлесін 79 пайызға
жеткізу көзделуде. Қазіргі таңда Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен
«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК арасында 50 млн. теңге болатын келісім-шартқа қол қойды. Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы алдағы уақытта 70 млн. теңге бөлуді жоспарлап отыр. «Бізге жолдың сапасы  аса маңызды»,-дейді атқамінерлер.

Айта кетейік, 2021 жылы «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының қызметкерлер 318 рет жолға шыққан. Нәтижесінде 374 ақаулар мен кемшіліктер анықталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *