Шымкент қаласында Президент тапсырмасына сәйкес, жастарға 2,5% несие беру бойынша комиссия отырысы өтті. Кезекті жиында 20-ға жуық үміткер комиссия өкілдері алдында бизнес-жобаларын қорғады.
Мемлекетік қолдау 21-35 жас аралығындағы азаматтарды қамтиды. Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейінгі несиені мал шаруашылығы жобалары үшін – 7 жылға дейін, кәсіптің басқа түрлері үшін – 5 жылға дейінгі мерзіммен ала алады.
Шымкентте бүгінге дейін 278 жас кәсіпкердің құжаты қаралып, 129-ы комиссияның оң қорытындысын алған, 85 жас несиеге қол жеткізген. Несиеге кепілзат ретінде арнайы техника, жылжымайтын мүлік және жер учаскелері қойылады. Кепілге қоятын мүлік болмаса кепіл берушіні тартуға болады.