Шымкентте жол құрылысына қатысты 136 ақау анықталды. Жыл басынан бері сапасыз салынған 783 шаршы метр жол жабыны қайта төселді. Жергілікті жолдардың сапасын қадағалайтын мекеме жол құрылысы жүріп жатқан 237 нысандарға 207 рет тексеріске шығып, 362 сынама алған.
Зертханалық сынама соның 136-нан ақаулар мен кемшілік анықтады. Ұлттық сапа орталығы жол құрылысы саласында орын алған ақауларды ғана анықтап қоймай, жұмысына жүре қараған техникалық қадалаушылардың да «шаңын» қағып жатыр. Ойық-шұңқырларды тегістей алмаған бір мердігерге кемшілікті түзету жөнінде нұсқама берілген. Сала өкілдері биыл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда құрылыс барысында орын алатын ақаулар мен кемшіліктер саны күрт азайып отырғанын мәлімдейді.
МҰХТАР ДҮЙСЕМБЕКОВ, — «ЖОЛ АКТИВТЕРІ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ» РМК ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
— Былтыр ГАКС-ке айтып технадзорларға айыппұл салған болатынбыз. Биылдыққа ондай жағдай болған жоқ. Айыппұл салынған жоқ. Реттелді орнына келіп жатыр. Былтыр біз 8 технадзорға айыппұл салып, лицензиясынан айырған болсақ, биылдыққа ондай әлі факт болған жоқ.
Айта кетейік, Шымкентте бес жылда 900 шақырымнан астам жол жөнделді. Ал, 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстарын 201,7 шақырымды құрайтын 253 көшеге жүргізу жоспарланған.
Bozyq.kz