АЭРОПОРТТЫҢ  ЖОЛАУШЫ ӨТКІЗУ ҚАБІЛЕТІ 10 ЕСЕ  АРТАДЫ

Шымкент – еліміздегі үшінші мегаполис.  Астана мен Алматыдан кейінгі Республикалық маңызы бар қала. 5 ауданнан тұрады. Шаһар 2018 жылдың 19 маусымына дейін ОҚО орталығы болды. Жер көлемі 116 мың 280 гектарды құрайды. Халық саны 5 жылда миллионнан асты.

Жыл сайын алыс-беріс, барыс-келіс артып отыр. Сол себепті қалада жеке инвесторлар жаңа жолаушылар терминалының құрылысын жүргізуде.  Құрылыс жұмыстарына 120-150 адам тартылған. Қала әкімі М.Әйтенов жауаптылармен бірге жаңа терминалдың құрылыс барысымен танысты. Халықаралық маңызы бар нысан құрылысының сапасына баса назар аударды.

Бүгінгі таңда жер жұмыстары, свай және іргетасын құю жұмыстары толық аяқталып, терминалдың қасбеттік жүйелерін монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы аумағы 2,8 гектар болса, ғимараттың жалпы алаңы 35 мың шаршы метрді құрайды. Бұл әуежай SCAT компаниясының инвестициялық жобасы.

Бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Терминалдың шатыры толық жабылып, қасбеттік жүйелері монтаждалып,  желдеткіш жүйелері орнатылған. Богаждық жүйенің құрылғылары мен лифтілер, эскалаторлар орнатылып,  инженерлік желілер құрылуда.  Жалпы жобаның орындалуы  85% ға жеткен.

Әкімдік қолын қуыстырып қарап отырған жоқ.  Инвесторды қолдау мақсатында әуежай алдындағы  автотұрақты абаттандыру, жаңа терминалға апаратын кірме жол салу және жолаушылар терминалына инженерлік желілерді салу   жұмыстарын қолға алды.

Бүгінгі таңда аэропортта жолаушы өткізу қабілеті сағатына 200 адамды құрайды. Ал  жаңа терминал іске қосылса, бұл көрсеткіш 10 есе артады. Яғни,  аэропорттың  жолаушы өткізу қабілеті 2 мың адамға артады. Жаңа терминал өндірістік кестеге сәйкес биыл қолданысқа беріледі.

Жаңа терминалдың құрылыс барысымен танысқан Мұрат Әйтенов тиіста сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді. Құрылыс жұмыстарын сағызша созбай, кестеге сай, уақытылы аяқтауды тапсырды.

Айта кетейік, өткен жылы әуежай алдындағы автотұрақты абаттандыру мен жаңа кірме жолды салу бойынша жұмыстар аяқталған болатын.

Bozyq.kz

1750 символ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *