ШЫМКЕНТТЕ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Шымкентте үшем дүниеге келді. Ай күніне жетпей туылған балақайлар қазір қалалық перинаталдық орталықта жатыр. Сарсенбековтер  әулетінде дүниеге келген үш бөбекке туыстары Амина, Хадиша, Мұхамммед  деп есім қойған. 

Амина, Хадиша, Мұхаммед есімді бөбектер ай күні  толмай жатып дүниеге келген. Қуаныштысы сол, сәбилердің денсаулығында ақау жоқ,- дейді дәрігерлер.  Жүктіліктің алғашқы мерзімінде үшем болатынын естіген анасы қатты таңқалғанын айтады. Көп балалы ананың сөзінше бір мезетте туылғанымен үш сәбидің де мінездері әр түрлі екен.

Арайлым САРСЕНБЕКОВА — үшемнің анасы

-Кіштай үшемнің салмағы үлкендеу, бірақ өзінше бұзық. Бірінші туылған қызым шыдамдырақ сияқты. Ал  екінші тулыған қызым бұзықтау, жиі жылап тұрады. Үшем  дегенде шок болдым,-алғашқыда. Аллаға шүкір, осы жерге келіп босанып алдым. Алғысым шексіз!

Үшемдер осы жылдың сегізінші тамызында дүние есігін ашқан.  Дәрігерлер 37 жастағы келіншекті кесір тілігі арқылы босандырып алған. Үшемдер қазір қалалық перинаталдық орталықтағы нәрестелерді күту бөлімшесінде анасымен бірге жатты. Қалалық перинаталдық орталығында өмірге келген үшемнің үшемнің екеуі қыз, біреуі ұл. Салмақтары екі келіден жоғары. Анасымен бірге үшем нәрестелерді күту бөлімшесінде екі аптаға жуық медициналық бақылауда болған.Қазіргі уақытта босанған әйелдің және 3 сәбидің жағдайы жақсы. Қуаныштысы сол, сәбилердің денсаулығында ақау жоқ,- дейді дәрігерлер.

Малик КАМАЛҰЛЫ,  Шымкент қалалық перинаталдық орталықтың бөлім меңгерушісі

-35 аптада босанды салмақтары срогына сәйкес емес, бірақ тыныс алу жолдары арқылы өздері дем алып жатыр. Жағдайлары жақсы. Салмақтары екі келіден асады.

Жылпы, жыл басынан бері Шымкентте 20 мыңнан аса сәби дүниге келген. Оның басым бөлігі ұл балалар.

Айта кетейік,  Шымкент қаласында өткен жылы 1,038 млрд. теңгеге 17 медициналық техника алынып, денсаулық сақтау ұйымдары заманауи жабдықтармен жарақтандырылды. Биыл одан 3 есе көп медициналық қондырғы алу жоспарланған. Оның басым бөлігі ана мен балаға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *