Елімізде құрылыс жұмыстары қарқынды дамып отыр. Бүгінде құрылыс материалдарының түрі де сан алуан. Елімізде өндірілетіні бар, шетел асып келетіні бар. «Құрылыс материалы» дегеннен шығады. Шымкенттік азамат ұзақ жыл іздене жүріп, жаңа өнім, арболит блоктарын шығаруды қолға алды. Ерекше жоба несімен ерекшеледі? Қазір айтамыз.
Шымкенттік Нұрымжан Шойбеков Қазақстанда алғашқы болып, ағаштан жасалатын арболит блоктарын өндіруді қолға алды. Оның айтуынша, арболиттен салынған үй: қыста – жылы, жазда – салқын болады. Құрамы ағаш пен цементтің қосындысы болғандықтан салмағы да жеңіл.
НҰРЫМЖАН ШОЙБЕКОВ- КӘСІПКЕР
—Біз ең біріші ағашты майдалап, сол қасиетін өлтіреміз. Одан кейін сулфат алюмини қосамыз. Ағаш как пластмасса сияқты болады. Сөйтіп жоғары маркалы цемент қосамыз. Сөйтіп біріктіреміз. Ерекшелігі далана қандай ыстық болса да, 60 градус ыстық болса да ішке ешқандай әсер етпейді.
Арболит блоктары құрылыс жұмысын едәуір жеңілдетеді. Қаржы үндемдеу жағынан да үй салушыға тиімді. Экологиялық таза өнім болғандықтан адам денсаулығына зияны жоқ, керісінше пайдалы екен. // Көп балалы әке, Үкіметтен қайтарымсыз грант алып, кәсіп бастағанын айтады.
ЖҰЛДЫЗ БАЛТАБАЕВА – ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ «ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ» ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
—Биылғы жылы 440 гранттың ішінде 2 лек жүзеге асты. Бірінші лек бойынша 110 адамға оң шешеім қабылданған болса, екінші лек бойынша 113 адам өз гранттарын алды.
Жалпы, Шымкентте 5 жыл ішінде 53 мың бизнес-жоба іске асырылған. Ал, 400 АЕК көлеміндегі гранттарды үлестіру әлі де жағасады. Тың идея, үздік бизнес жобаңыз бар? Мархабат!