ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛЫП, БИЗНЕС ИДЕЯСЫН ІСКЕ АСЫРДЫ

Қай елдің кәсіпкерлігі, соның ішінде шағын және орта бизнес саласы өркендесе, сол ел қуатты болады. Өйткені қазіргі әлем жаһанданудың жалпы қағидасына бағынып отыр. Сондықтан мемлекет ұлттық экономиканың өзгелерге тәуелділігінен қорғау үшін бар мүмкіндікті пайдаланып, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландырып, тыңғылықты жұмыстарды атқарып келеді.

Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, ауыл және мал шаруашылығы, жастардың жаңа жобаларын қолдау, тағы да басқа сан түрлі бағдарлама бар. Соның бірі  жаңа кәсіп бастаймын деген белсенді тұрғындарға, жастарға  көмек болатын “Бизнес бастау” жобасы.

Бүгінгі таңда еліміздің әрбір азаматы, жастар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көтеріп отырған бастамаларына қолдау көрсетіп, еліміздің дамуына өз үлестерін қосып келеді. Қазақстанда жас кәсіпкерлері шоғыры қалыптасты.

Қазақстанның күнгейіндегі Шымкент қаласында тұратын кәсіпкер Әсем Поштаева бүгінде кептірілген жемістерден драже, пастила, чипсы жасау өндірісін дөңгелетіп отыр. Ол -2022 жылы “Бизнес бастау” жобасы арқылы грант иегері атанған. 1 млн.300 мың теңге көлемінде грант алған.

Әр салада жұмыс істеп, тәжірибе жинақтадым. Бар ынта жігерімді салып, өзім қызыққан кәсібімді бастауға ниет еттім. Нәтижесінде мемлекеттік грантты ұтып, бір күнде жас кәсіпкер атанып шықтым, — дейді Әсем Поштаева.

Қолдан жасалған,  100 пайыз табиғи өнім пастилаға бүгінде сұраныс артып келеді. Бұл — маусымдық жемістер мен жидектерді сақтаудың тамаша тәсілі. Пастила төмен температурада кептіріледі, бұл жаңа піскен жидектер мен жемістердің барлық дәмі мен артықшылықтарын сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл дәмді ғана емес, сонымен қатар пайдалы десерт.. Кептірілген жемістердің адам ағзасына қаншалықты пайдалы екенін дәрігерлер де айтып жүр. Кәсіпкер  чипсы өндірісін де жолға қойған.

Біз “Бизнес бастау” жобасы аясында кәсіп бастаған  бір ғана кейіпкерді сөз еттік. Халықтың әл-ауқатын жақсартуда мемлекеттік қайтарымсыз гранттың үлесі шаш-етектен.  Шымкентте соңғы 3 жылда атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатары азайып, керісінше жұмыспен қамтылғандар мен өз кәсібін дөңгелеткен шымкенттіктердің қатары артқан.

Биыл Шымкентте әлеуметтік осал топты азаматтарға арналған грантты жалпы саны 447 адамға  беру жоспарланған. Жыл басынан бері өткізілген бірінші және екінші лектің өзінде 6000-ға жуық азаматтан өтінім түсіп, 228-не оң шешім қабылданған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *