ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕНДЕР АТУДАН (ӘЗІРБАЙЖАН) ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ!

Бакуде нысана көздеуден әлем чемпионаты өтіп жатыр. 1 қыркүйекке дейін  созылатын бәсекелер барысында қатысушылар тапанша ату, мылтық ату, стенд ату және жылжымалы нысананы көздеуден сайысқа түсуде. 

Әлем чемпионаты «Baku Crystal Hall» әмбебап кешенінде өтуде. Оған әлемнің 100-ге жуық  елінен 1500-ден астам спортшы қатысуда.

Қазақстан туы астында 26 спортшы өнер көрсетіп жатыр. Олар: Елдар Иманқұлов, Валерий Рақымжан, Максим Мазепа, Никита Чи­рюкин, Руслан Юнусметов, Артемий Кабаков, Алексей Лотарев, Сәуле Әлімбек, Ольга Аксенова, Ирина Юнусметова, Валерия Попелова (тапанша); Ислам Сәтбаев, Юрий Юрков, Константин Малиновский, Илья Федин, Арина Алтухова, Елизавета Безрукова, Александра Ле, Анастасия Григорьева (мыл­тық); Бақтияр Ыбыраев,  Андрей Худяков, Асадбек Назиркулиев, Илья Зотеев, Фатима Ирназарова, Зухра Ирназарова және Алек­сандра Сәдуақасова (жылжымалы нысана).

Қазақстандық құралайды көзге атқан мергендер  бірнеше іріктеу кезеңінен өтті. Басты критерий – әлемдік рейтинг.

Ел қоржынына бір алтын, бір күміс медаль түсті. Атап айтар болсақ, Шымкенттік  Зухра Ирназарова  «10m running target»  жаттығуында әйелдер арасында алтын медальға қол жеткізді. Ал,  тағы бір отандасымыз,  Александра Садуакасова (Алматы қ.) күміс медальға ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан командасы үшін бұл Әлем чемпионатының екінші медалі, бұған дейін стенд атудан қола медальға ие болған болатын.

Алматылық Ислам Сатпаев  Қазақстан үшін алғашқы Олимпиада лицензиясын жеңіп алды.

Айта кетейік, әлем чемпионатында 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына 48 лицензия ойнатылады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *