ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Әзірбайжан Республикасының астанасы Баку қаласында оқ атудан Лицензиялық Әлем чемпионаты өтті. Бұл жарысқа әлемнің 101 елінен, 1249-ға жуык спортшылар қатысты.  Аталмыш жарыста Шымкент қаласынан оқ атудан жылжымалы нысана жаттығуы бойынша жекелей есепте Ирназарова Зухра — алтын медальға, командалық есепте сыңары Фатма екеуі тағы бір алтын медальға ие болды.

Ирназарова Зухра мен Фатма 01.02.2005 жылы Шымкент қаласында туған. Шымкент қалалық  №14 Ату және ұқсас спорт түрлерінен ОРМБЖСМ-нің оқ ату бөлімінде 2018 жылдан бастап спортпен шұғылданады. Алғашқы халықаралық жетістігін 2019 жылы Катар астанасы Доха қаласында өткен XIV Азия Чемпионатында көрсетіп, осы жаттығу бойынша командалық 3 — орынды иеленіп, халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.Олар түрлі республикалық, халықаралық турнирлердің жеңімпазы!

Жеңістің саф алтыны екі қыздың Анасы Гүлнара ханымға тиеселі! Шымкент әуежайында батыр Анаға арнайы құрмет жасалды!  Туған  елге  олжалы  оралған  жерлестерімізді спорт  сүйер  қауым Шымкент әуежайынан  қарсы  алды.

Еліміздің  намысын  қорғап  қайтқан  Шымкенттің талантты  спортшы  қыздары Зухра  мен Фатима Ирназаровалар  ғаламат  жетістікке  жетіп,  туған  жерге  алтын жүлдемен   оралды. Зухра  жарыс  жолында  жекелей  сында  үздік өнер  көрсетіп,  алтын  медалді  қанжығасына  байлады. Ал, командалық  есепте  оның  сыңары  Фатима  екеуі  тағы  да   бас жүлдеге  қол  жеткізді. Осындай жеңімпаз  спортшы  қыздарды  тәрбиелеп  өсірген  анасы Гулнара Ирназарованың  қуанышында  шек  жоқ.

Андрей Макаров басқаратын қалалық  N14 олимпиадалық  резервінің мамандандырылған  балалар  мен  жасөспірімдердің  спорт  мектебінің  ұжымы мен  жерлестері  жеңімпаз  жерлестерімізді Шымкент  әуежайынан   қарсы  алды. Құрмет  көрсетті.

Оқ  атудан  ұлттық  құрама  командасының  сапында өнер  көрсететін  талантты  қыздардың  жаттықытырушысы  еліміздің  білікті  спорт  маманы Наталья Юнусметова .  Дарынды егіз    қыз  Шымкент  қаласының  №14 ату және ұқсас спорт түрлерінен  олимпиада  спорт  мектебінің  оқ ату бөлімінде , ал 2018 жылдан бастап  кәсіби спортпен шұғылданады. Олар түрлі республикалық, халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанған. Шымкенттік  мерген  қыздар  ендігі  кезекте,  Париж олимпиадасының  лицензиялық  турнирлеріне  қатысу  үшін  жоғары  деңгейдегі  жаттағуларын  жалғастыра  береді,-дейді мамандар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *