МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

Шымкент қаласында 11-22 қыркүйек аралығында 400 АЕК көлеміндегі мемлекеттік гранттың III-ші легі бойынша өтінім беру басталады,- деп хабарлайды Шымкент Ақпараттық Коммуникациялық орталығы. 

Өтінімдер қабылдау «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады. Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады. Мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

Өтінім беру үшін қажет:

Порталда тіркелу;

грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;

порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу (өз бетінше бизнес-план жарамайды);

өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, «Мансап» орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында өтінім беруге болады.

Төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:

еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;

қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;

өңіраралық қоныс аударушылар

атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар;

Мүгедектігі бар баланы (18 жасқа дейінгі бала) тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы);

асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар;

Сонымен қатар, үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *