261 МЕКТЕПТЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Шымкенттегі 261 мектепте алғашқы қоңрыау соғылды.  Шаһарда   48  білім беру ұйымы ашылды.  Оның 30 балабақша,  18-і  мектеп.  Қысқасы, білім күні қарсаңында  14 мектеп  жаңадан салынып,  4 білім ұясы   қосымша жөндеуден өтіп  пайдалануға берілді.  Осылайша үшінші мегаполисте  үш ауысымды мәселесі түбегейлі шешілді .  Тақырыпты әріптесім Нұрлан Әлімбаев тарқатып айтады.

Биыл  Шымкент қаласында 250 мыңға жуық  бала мектеп табалдырығын  аттады.  28 мың бүлдіршін  алғаш рет  партаға  отырды. Бұл  148 жылдық тарихы бар Мухамед Хайдар Дулати атындағы  №8 мамандандырылған мектеп гиназиясы.  Қаншы жыл жөндеу көрмеген  нысанда күрделі жөндеуден өтті.  Қосымша құрылыс жұмыстары жүргізіліп,  ел игілігіне берілді.

Сөз жоқ. Жақсы. Ризамыз. Керемет мектеп. Рахмет басшылыққа, бәріне. Қуанып келіп отырмыз. Көрейік деп келдік бүгін бірінші сыныпта оқумаса да. Бастауыш сыныбын ашса деген үмітіміз бар, осы мектептен дейді қала тұрғыны  Азиза Баймен.

Білім ошағы  1100 орынға лайықталған.  Ғимарат заманауи арнайы кабинеттермен жабдықталған. Не қажет, бәрі бар. Төрт қабатты нысанның жалпы құны 3 млрд. 534 млн. теңге. Нысан қала бюджетінен қаржыландырылған.

Енді мына ғимаратты көріп тұрсыздар. 4 этажды, керемет. Оқу сыныптары кең, жарық. Барлық жағдай жасалған оқушыларға, дейді   Мухамед Хайдар Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған мектебінің директоры Айнұр Сахова.

Қыр  гүліндей  құлпырған  оқушылардың  жүрек  дүрсілі  жүздерінен  байқалады. Бәрінің   арман- мұраты      биік. «Көрсем,  білсем»,-  дейді.  Жастарға   жасалып   жатқан   жағдай, азаттықтың арқасы, тәуелсіздіктің  жемісі,- дейді игі жақсылар.

Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *