«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП». ҰЛТТЫҚ ЖОБА ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР?

Мемлекет басшысының қолдауымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде қалада 2025 жылға дейін 28 мың орындық 18 мектептің құрылыс жұмысытарын жүргізу көзделген. Биыл 17 300 орындық 12 ғимаратты салуға республикалық бюджеттен тиісті қаражат қаралған. Ал, 10 700 орындық 6 мектептің құрылысы 2024 жылы басталады деп жоспарлануда.

Бүгін қала әкімінің орынбасары Н. Ергешбек жауапты басқарма басшыларының басын қосып жиын өткізді. Жиында жаңа мектептердің құрылыс барысы пысықталды. Ашық  талқыланды.

Қазір қала аумағында 18 білім нысанының орны анықталған. Абай ауданында — 7, Әл-Фараби ауданында -1, Еңбекші ауданында — 2, Қаратау ауданында — 6, Тұран ауданында — 2 мектептің құрылысы бекітілді. Бүгінгі таңда 13-нің жер учаскесіне мемлекеттік акт алынған. Ал, қалған 5 нысанның жер учаскесі бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы 4 ғимараттың құрылысына бөлінген жер телімдерін мемлекет мұқтажына алуда тиісті шараларды атқаруда.

Жоспарланған 18 мектеп құрылысы пайдалануға берілген жағдайда жаңадан ашылған шағын аудандардың және сынып толымдылығы жоғары мектептер мәселесі толығымен шешілетін болады. Сонымен қатар қосымша 2 579 педагог жұмыспен қамтылады. Жаңа жұмыс орындары ашылады.

Қала әкімінің орынбасары құрылыс барысында осы артықшылықтарды назарға алуды, құрылыстарды мерзімінде аяқтауда өзекті мәселелерді жүйелі шешуді тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *