Ұлт болашағының ең басты тұғыры, ең басты іргетасы — отбасы. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің де түп-төркіні осы. Ұлттың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тұтастай алғанда ұлт болмысын сақтайтын ең басты «қойма», оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, уақыт пен кеңістіктен аман сақтап, келешекке аманаттап тапсыратын әлеуметтік орта да — отбасы. Олай болса, отбасы — кез-келген мемлекеттің, кез-келген халықтың — бүгіні мен болашағының бүтіндігінің кепілі.
Шымкентте «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды. Биыл ұйымдастырылған жобаға 178 отбасы қатысты. Іріктеу кезеңіне 20 отбасы жолдама алды. Үздік деп танылған 1 отбасы жеңімпаз атанды.
Игі шараға Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма мұрындық болды. Байқау үш кезеңнен тұрды. Қаланың 5 ауданынан өтінемдер түсті. Әр ауданнан 4 отбасы іріктеліп, 20 отбасы қала әкімінің атынан арнайы алғыс хатпен марапатталды.
— «Отбасы институтының іргесін ныйғайту арқылы ел болашағын жарқын ете аламыз. «Мерейлі отбасы» конкурсына қатысып, өнер көрсеткен барша отбасыларды шын жүректен құттықтаймын. Отбасыларыңыз аман, жұртымыз тыныш болсын», — деді Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Мұратжан Шотанов.
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы 10 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Жыл өткен сайын байқаудың мән маңыызы артып, оған қатысуға ынтық отбасылардың да қатары көбейіп келеді. Былтыр байқауға 128 отбасы қатысса, биыл өтінімдердің саны артып, 178 отбасы байқауға қатысуға құжат өткізген.
Қаладағы ең үлгілі деген отбасы әділ-қазылардың шешімімен анықталды. Бас жүлде Бейсбековтар отбасыны бұйырды. Қаржылай 1 миллион теңге табысталды. Р еспубликалық кезеңге өткен Бейсбековтер отбасы, Астанада өтетін байқауда Шымкент намысын қорғайтын болады.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысымен бекітілген. Ондағы мақсат – бір шаңырақ астында берекелі өмір сүрудің маңыздылығын арттыру. Отбасылық өмір салтты, жауапкершілік секілді ұғымдарды ел санасына сіңіру. Жастарға жанұя құндылығын дәріптей отырып, жол көрсетіп, жөн сілтеу.