30 КҮНДІК ӘСКЕРИ ЖИЫН ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Ағымдағы жылдың 1-қыркүйегі күні Сарыағаш ауданы бойынша бойынша шекара басқармасының аумағында запастағы әскери міндеттілермен 30 күндік әскери жиын жұмыстары басталды. Жиын ағымдағы жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қыркүйегіаралығында өткізіледі. Бұл жиын жұмыстары Қазақстан Республикасы ҰҚК мен ҰҚК Шекара қызметінің 2022-2023 жылдарға жұмылдыру дайындығын дамыту жоспарына сәйкес жүргізілуде.

Бұл әскери жиын жұмыстарының негізгі мақсаты: Әскери міндеттілерді қайта дайындықтан өткізу, олардың кәсіби деңгейін көтеру болып табылады. Жиынға Түркістан облысының 14 ауданынан жалпы саны 70 тен аса запастағы әскери міндеттілер қатысуда. Осы азаматтар негізінен мерзімді әскери қызметте болған сонымен қатар жоғарғы оқу орнын бітірген. Араларында жоғарғы оқу орындарында әскери кафедра бітірген азаматтар да бар.

Қазіргі таңда запастағы әскери міндеттілерменСарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасының «Дарбаза» әскери атыс алаңы базасында жоспарлы түрде сабақтар өткізіледі әрі заманауи қару-жарақ, техникалармен таныстыру, арнайы жаттығулар өткізу жоспарлануда.

Бұдан бөлек әскери міндеттілер мемлекет тарапынан ақшалай жалақы, тегін әскери киім–кешек пен тамақпен қамтамасыз етіледі. Және медициналық көмек, дәрі-дәрмекпен толықтай қамтылған.

Аталмыш жиын запастағы әскери міндеттілердің әрдайым әскери дайындықта болуын және  физикалық тұрғыдан  жинақы, шымыр  болуына септігін тигізеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *