ШЫМКЕНТ: КӘРІЗ СУЫН ҚАЙТА ТАЗАРТЫП, ОДАН ЭНЕРГИЯ ӨНДІРЕТІН КЕШЕННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Шымкентте сарқынды кәріз суын қайта тазартып, одан энергия өндіретін жаңа кешеннің құрылысы жүріп жатыр.  Станция тәулігіне 50 мың текше метр қалдық суды қайта тазартуға қауқарлы.  Жалпы құны – 3,5  миллиард теңгені құрайтын нысан, 1,5  жылдан соң іске қосылмақ, деп хабарлайды Bozyq.kz.  

 Жаңа кешен суды тазартып қана қоймай  қажетті биогаз бен электр қуатын  өндіреді.  Қаладан шыққан кәріз суын қайта тазартып, одан энергия өндіретін кешен құрлысы үшін 4,2 гектер жер қарастырылған. Нысан іске қосылса жергілікті бірнеше адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Жалпы,  халық санының көбеюі және іргелес елді мекендердің мегаполис құрамына енуіне байланысты кәріз жүйесі мәселесі күрделеніп келеді. Бұл мәселені шешу үшін алдағы үш жылдың ішінде  350 мың текше метр қалдық су тазартатын тағы бір ірі нысан салынбақ.

  Тазарту имаратына ауырлық түсіріп тұрған факторлардың тағы бірі — бұл тұтынушылар санының өсуі. Сонымен қатар бас жоспарға сәйкес қаланың солтүстік бөлігінде көпқабатты үйлердің құрылысы қарқынды түрде жүріп жатыр. 50 мың текше метр қалдық суды қайта тазартып, сағатына 4 мың куб газ өндіріп жатсақ, оның көлемін  6 мыңға жеткіземіз деген ойымыз бар. Сол потенциалды пайдаланып қажетті энергияның 95 пайызын өзіміз өндіретін боламыз,-дейді  «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС Бас директоры Анарбек Орман.

Қазірдің өзіндегі  қаладағы су тазарту нысанында сағатына 4 миллион килловат энергия шығарылуда. Бұл жоба іске асса,  мегаполис халқы тұтастай орталық кәріз жүйесіне қосылмақ.

Жалпы, Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес мегаполистің кәріз жүйесіндегі су бұру мәселесі 2025 жылға дейін шешімін табуы тиіс. Қазіргі уақатта «Шым Сити» және Тұран шағын ауданында тұрғындардың жалпы саны сексен мыңды құрайды.

2023 жылы бюджет есебінен салынған кәріз желілеріне Самал-1, Самал-2, Солтүстік-Батыс, Қайтпас-1, Қайтпас-2, Оңтүстік шағын ауданы, Қаратөбе тұрғын алабынан барлығы 41 мың жеке үйлер қосылады. Бұл елді мекендерде кәріз жүйесіне қосылатын тұрғындар 264 мыңнан асады. Жобаны ЕҚҚДБ қаржыландырады, қолдау қаражаттары 1,75 млрд. теңге мөлшерінде, ал мемлекеттік қолдау 1,75 млрд. теңге. Кешенді жаңа технологиялық нысанның құрылысы екі жыл қатарынан жүргізіледі.

Айта кетейік, Шымкент қаласындағы 81 елді мекеннің 19-ы кәріз жүйесіне қосылған. Бұл қала халқының 60 пайызын құрайды.

2000 символ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *