ТЫҢ ИННВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ САТЫЛЫМҒА ШЫҒАРУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

Шыменттік ғалым шаруаларға аса қажет көпфункциналды тіркеме ойлап тапты. Инновациялық  жоба қолданысқа енсе шаруалар бір құрылғының  көмегімен 4 қызметті бірден ала алады. 

 Техника ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрлыбай Манабаев  ойлап тапқан туынды «әмбебеп көпфункциналды  аспалы құрылғы»  деп аталады.  Бүгінде тіркеменің 3 данасы құрастырылып,  шығарылған.  Озық инновациялық жобаның артықшылығы  бір тіркеме 4 пішінге өзгереді.    Идея атворы  тың құрылғыны  жергілікті зауытта  құрастырған.  Икемшіл  жабдыққа,  тіпті,  шет елдіктер  де  қызығушылық  таныта бастаған.   

 -Менің жасап шығарған  техникамның артықшылығы сол қолданыстағы төрт техниканың орнына бір осы техниканы пайдалана аласыздар. Поляның жағдайында 10-15 минутта қалаған төрт варянт  үлгісіне ауыстыру мүмкіндігі болғасын сіз жанармайды екі үш есе үнемдеуіңіз мүмкін. Дер кезінде агро талаптар жұмыстарын орындағаныңыз салдарынан 10-15 пайыз өніміңіз артады,-дейді  техника ғылымдарының кандидаты,  доцент Нұрлыбай Манапбаев.

 Тіркемені құрастыруға 3 жыл  уақыт кетіпті.  Құрылғының жұмыс істеу принципі өте қарапайым.  Бағасы да қолжетімді.  Бар –жоғы,  2  млн. теңге.

7 жоба комиссия қарауына өздерінің  өтінімін берді. 7 жобаның ішінен жаңағы үздік екі  жоба өндіріске енгізу жоспарларына сәйкес, осы 2 жоба таңдалып отыр. Енді екі жобаға атүсті қарамай басқарма тарапынан сүйемелдеу жұмыстары жүргізіледі,-дейді  Шымкент қалалық ауылшарушылығы және ветеринария басқармасының мамандары.   

Енді, Қазақстан және жақын алыс шет мемлекеттерде аналогы жоқ тіркемені көптеп   құрастыру  үшін жоғары оқу орны жанынан арнайы  цех ашылмақшы. Кешенде  6 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.  Техника ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрлыбай Манабаев тың иннвациялық жобаны сатылымға шығаруды жоспарлап отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *