ЖАҢАДАН ҚҰРЫЛҒАН КӨЛІК МИНИСТРЛІГІНЕ ЖҮКТЕЛЕР МІНДЕТ ЗОР

Мемлекет басшысы биылғы халыққа арнаған Жолдауында автокөлік жолдарының құрылысы мәселесі шешімін табуға тиіс екенін атап өтті. Шымкент қаласында автокөлік жолдарының құрылысы мен оның сапасын бақылау бағытында жұмыстар қарқын алған. Осыдан 4 жыл бұрын қаладағы жол құрылысында жылына мыңнан астам ақау анықталса, соңғы 2 жылда бұл көрсеткіш 4 есеге кеміген.

«Жол активтері ұлттық сапа орталығы»  РМК Шымкент қалалық филиалының мамандары соңғы 4 жылда 1159 рет жолға шығып, қала жолдарынан  4480 сынама алған. Нәтижесінде 2587 ақау мен кемшілік анықтаған.

Шымкент үшінші мегаполис болған кезде қаладағы жақсы, қанағаттанарлық деңгейдегі жолдардың үлесі 50 пайызға жетпейтін. Биыл мұндай жолдардың үлесі 72 пайызға жетпек. Соңғы жылдары қала жолдарының сапасы жақсарып келеді. Бұл қала әкімдігі, басқарма, біздің мекеменің бірлесе атқарған жұмысының нәтижесі.

Сонымен қатар, соңғы кездері  мердігер мекемелердің де жауапкершілігі жылдан-жылдап артып, талап күшейіп келеді.

-Мемлекет басшысы Жолдауынан кейін жаңадан Көлік министрлігі құрылды. Бұл да дер кезінде жасалған шешім деп ойлаймын. Енді министрлік тарапынан сапаға көңіл бөлу, қадағалау күшейеді. Бұл біздің жұмысымызға зор серпін берді,-дейді «Жол активтері ұлттық сапа орталығы»  РМК Шымкент қалалық филиалының директоры Мұхтар Дүйсембеков.

Айта кетейік, автокөлік жолдары -елдің басты экономикалық күретамыры. Қазақстанда 18 мың 600 шақырым жол цифрландырылды. Яғни, геоақпараттық картасы жасалып, бірыңғай базаға енгізілді. Бұл ауқымды істі жол активтерінің ұлттық сапа орталығы атқарды. Геокартаның арқасында белгілі бір жолдың жай-күйін, бүкіл параметрлерін, тіпті ой-шұқырына дейін  көруге болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *