ПСИХОЛОГТАР ТЕГІН КЕҢЕС БЕРІП ЖАТЫР

Психологтан тегін кеңес. Шымкентте қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға ақысыз негізде психологиялық консультация жүргізіліп жатыр. Психологт көмегіне 14-35 жас аралығындағы жандар тегін жүгіне алады.

Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен жыл сайын аталған жоба аясында қиын жағдайда қалған азаматтар психологтан өздеріне қажетті кеңес алады. Бүгінгі шараға сала мамандарынан көмек сұрап, өзінің өмірі жайлы сыр шерткендер қарасы көп болды.

Бұл жобаға Шымкент қалалық «Аналар үйі», кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, пробация жастары мен білім беру мекемелерінен адамдар келіп қатысты. Жалпы, қараша айының 2-не дейін  бас-аяғы 150 жасқа жеке қабылдау жүргізіліп, олардың мәселелері тыңдалады. Игі іске мұрындық болған Шымкент қалалық  ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы.

-Бұл жоба жылдар бойы жалғасын тауып келеді. Осы жылға дейін қиын өмірлік жағдайға тап болған жастар мен жасөспірімдерге жеке қабылдау жобасы 100 адамды қамтыды. Мекеме және жастардың сұранысына байланысты бізде қазір 150 жасқа көбейтілді. Және 50 адам қосылды,-дейді  Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының психологиялық көмек, күйзелістің алдын алу және жас отбасылармен жұмыс бөлімнің бөлім басшысы Айгүл Қанатқызы.  

Айта өтейік, 3 психолог маман отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, суицидке итермелейтін жағдайларды болдырмау, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың себептері мен салдарлары сынды тақырыптарда  түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *