«ҚАРНЫ АШҚАН АДАМҒА БАЛЫҚ БЕР МЕ, ҚАРМАҚ БЕР»…

Шымкенттегі «Арбат» алаңында қайтарымсыз грант иегерлерінің жәрмеңкесі өтті. Былтыр үкіметтен қайтарымсыз грант алып, кәсіп ашқан кәсіпкерлер қала тұрғындарына өз өнімдерін ұсынды. Тегінде «қарны ашқан адамға балық бер ме, қармақ бер» деген нақыл бекер айтылмаған екен. Оған көз жетті. Сонымен…

Шымкентте былтыр мемлекеттен 400 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз грант алып, 1000-нан астам кәсіпкер бизнес-жоспарларын жүзеге асырған. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков сол  өз кәсібін  дөңгелетіп отырған 200-ге жуық грант иегерлерінің бизнес-жобаларымен танысты. Кәсіпкерлердің басым бөлігі тағам өнеркәсібі, мал шаруашылығы, қызмет көрсету салалары мен қолөнер және жиһаз өндіру кәсіптерін ұсынды.

—Қайтарымсыз грант қаржысы бұл аты айтып тұрғандай мемлекетке қайтарылмайды. Жоба бүгінде халықты жұмыспен қамтудың тиімді тетіктерінің біріне айналып отыр. Мемлекет тарапынан берілетін қаржылай қолдау шарасы биыл да өз жалғасын тауып, Шымкентте әлеуметтік осал топты азаматтарға арналған грантты жалпы саны 447 адамға беру жоспарланған. Жыл басынан бері өткізілген бірінші және екінші лектің нәтижесінде 228 азамат грант иегері атанды. 11-22 қыркүйек аралығында өтіп жатқан III-лекте қалған 29 грантқа өтінім қабылдануда, — деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Полатқызы.

Қайтарымсыз грант отандық, оның ішінде шымкенттік өнім көлемін арттыруға септігін тигізуде. Нәтижесінде жәрмеңкеге келген ірі кәсіпкерлер грант иегерлерінің өнімдеріне қызығушылық танытып, сауда нарығында қолдау көрсетуге ниеттерін жеткізді

Айта кетейік, 2022 жылы  Шымкент қаласында 1195 азамат қайтарымсыз грант ұтып, бизнес бастаған.  Жастар жылқы, бөдене өсіру шаруашылығы мен тігін цехы, кондитер өнімдерін дайындау, сұлулық саланон ашу, қызмет көрсету т.б. кәсіп түрлерін дамытуды қолға алған. Нәтижесінде,  жұмыссыздың соңғы 1 жылда 0,1 пайызға азайып, 5 пайызды құраған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *