Шымкент қаласындағы 5 аудан мен оған қарасты елді мекендерді өрттен қорғау үшін 22 өрт сөндіру депосы қажет. Қазіргі уақытта 10 өрт сөндіру депосы жұмыс істеп тұр. Оның 6 типтік, 4 бейімделген. 3 өрт сөндіру депосы жалға алынған. Қосымша 12 өрт сөндіру депосы қажет. Алайда, жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен 5 өрт сөндіру депосы мен жедел-құтқару жасағының 1 ғимаратын салу жоспарланған. Қазіргі уақытта әрбір депо бойынша жұмыс жүргізілуде.
Биыл қалада 3 өрт сөндіру допосының құрылысы жүргізілуде. Соның бірі — Әкімшілік іскерлік орталығындағы 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысы болатын. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталды.
Жобаға сәйкес, нысан әкімшілік және депо ғимараттарынан тұрады. Соңғы үлгіде жабдықталған 3 қабатты ғимаратта қызметкерлер кабинеттерінен бөлек мәжіліс залы, қоймалар, оқу сыныбы орналасқан. Сонымен қатар, ғимараттың ауласында автотұрақ, спорт және оқу жаттығу алаңшалары қарастырылған.
-Қайнар бұлақ саяжайында жедел-құтқару жасағына арналған ғимараттың жобасы жоспарланған. Қайнар бұлақ саяжайында жедел-құтқару жасағын салу үшін жер учаскесі бар, ауданы 1,2 га. қазіргі уақытта «Южказпроект» ЖШС жобалау ұйымы Жедел-құтқару жасағының құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірледі, мемлекеттік сараптамадан өтті,-дейді Шымкент қалалық ТЖД мамандары.
Айта кетейік, Шымкент қаласы Түркістан көшесі бойындағы 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысы да аяқталуға жақын.