ШЫМКЕНТ: ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ БАСТАЛДЫ

Шымкентте 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз грант беру үшін комиссия отырысы басталды. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыратын үміткерлер 25 қыркүйектен 5 қазан аралығында арнайы комиссия құрамының алдында өз жобаларын қорғап шығуы тиіс.Алғашқы күні комиссия отырысына 100-ге жуық  азамат келді. Олар кәсіпкерліктің түрлі бағыттары бойынша бизнес-жобаларын таныстырды. 

Елімізде Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы қолға алынды. Мақсат — кәсіпкерлікті дамыту.  Шағын және орта бизнестің көкжиеген кеңейту.

Қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері, кәсіпкерлер мен қоғам бірлестіктерінің өкілдерінен құралған комиссияның әрбір мүшесі үміткердің кәсіпті меңгеру деңгейіне, бизнес-жобалардың әлеуметтік әлеуеті мен қаржылай өміршеңдігіне, бәсекеге қабілеттілігі мен жаңа жұмыс орындарын құруына қарай бағалайды. Комиссия мүшелері жобаны бағалауда бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігіне, үміткердің кәсіпкерлік дағдыларын меңгеру деңгейіне, бизнес-жобаның қаржылық мүмкіншілігіне, жаңа жұмыс орындарын құру сынды критерийлерге басымдық берді.
Жалпы, Шымкентте биыл әлеуметтік осал топты азаматтарға арналған 400 АЕК көлеміндегі грантты жалпы саны 447 адамға беру жоспарланған.  Бұл -1380 мың теңге. Жыл басынан бері өткізілген бірінші және екінші лектің нәтижесінде 228 азамат грант иегері атанды. Бұл жолы 219 азаматқа грант беру жоспарланған. Қаражат шикізат пен материалдарды, техникаларды сатып алуға байланысты шығындарға жұмсалады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *