ХАЛЫҚ ТІЛЕГІ — БАСТЫ НАЗАРДА

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Абай ауданы тұрғындарымен кездескен болатын. Шаһар басшысы сол есептік  кездесуде  көтерілген мәселелер бойынша «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабына арнайы барды. Қала тұрғыны М. Төлегенова жиында жыл сайын халық саны артып жатқан елдімекенде мектеп тапшы екенін мәлімдеген болатын.  

Бүгінде № 95 жалпы орта мектепте 535 оқушы білім алуда. Білім ұясының ғимараты ескі болғандықтан, орнына жаңа мектеп салу жоспарланған. Қала әкімі аталған нысанды аралап, халықтың ұсыныстарын тыңдады. Тұрғындар бұл білім ошағының іргетасы мен қабырғасы сапалы екенін алға тартып, күрделі жөндеу жүргізу қажеттігін айтты. Халықтың талабын ескерген  Ғабит Сыздықбеков  Шымкент қалалық білім басқармасының басшысына мектепке қатысты тиісті сараптамалық зерделеу жұмыстарын жүргізуді,  осы бағытта арнайы комиссия құруды тапсырды.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Абай ауданына қарасты «Бозарық» шағынауданындағы жаңа нысандардың құрылыс қарқыны бойынша көшпелі жиын өткізді.Аталған ауданда 74 гектар аумақта құрылыс жүргізіліп жатыр. Мұнда қалалық егжей-тегжей жоспарлау бойынша жалпы 183 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Қазіргі таңда 170,7 мың шаршы метрді құрайтын 2 198 пәтерлі 54 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 2 000 орынға арналған мектептің құрылысы қолға алынған. Жиын барысында қала әкімі мердігер мекеме басшыларына құрылысты бекітілген мерзімде аяқтап, сапалы болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *