ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ҚАЛА

Бүгін  қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тәулігіне 50 мың текше метр су өңдейтін жаңа кәріз тазалау ғимаратының құрылыс барысымен танысты.  «Жасыл қала» бағдарламасы аясында қолға алынған кәріз тазарту ғимараты құрылысының жобалық құны 3,5 млрд теңгені құрайды. Жобаны Еуропалық Даму және қайта құру банкі жартылай қаржыландырады. Ал мемлекеттік қолдау — 1,75 млрд теңге. Кешенді жаңа технологиялық нысанның құрылысы екі жыл қатарынан жүргізіледі.

Айта кетейік, жалпы бүгінде қалада тәулігіне қуаттылығы 150 мың текше метр су өңдейтін тазарту ғимараты жұмыс істеп тұр. Бұл қуаттылық халқы жыл сайын артып жатқан үшінші мегаполиске аздық етеді. Сонымен қатар, көктем мен күз айларында кәріз тазарту ғимаратына тәулігіне 160—170 мың текше метр қар мен жаңбырдан қалған ағынды су қосылады.

Тәулігіне 50 мың текше метр су өңдейтін жаңа кәріз тазалау ғимаратының құрылыс барысымен танысқан Ғабит Сыздықбеков сала мамандарына бірқатар тапсырма. Сосын, “Алаш”, “Бекжан” базарлары маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінің құрылыс барысын екшеді.

Темірлан тас жолы және А-2 автожолы арқылы өтетін жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің  ұзындығы 46,5 метр, ені 6,1 метр, биіктігі – 2,65 метр. Бүгінде құрылыс жұмыстарының  80 пайызы аяқталған.  Нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. “Бекжан” базары маңында А-2 автомобиль жолы арқылы өтетін жаяу жүргіншілер өткелі бойынша тоннель ұзындығы — 24 метр, ені 4 метр, биіктігі 2,5 метр құрайды. Жұмыстар 45 пайыз орындалған. Биыл ел игілігіне беріледі.

Қала әкімі жауапты сала мамандарына  өткелдер құрылысын сапалы әрі өз мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *