“ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ. ҚОҒАМНЫҢ ТҮРЛІ САЛАСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР РӨЛІ» АТТЫ АУДАНДЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы отбасылық құндылықтардың маңыздылығы. Қоғамның түрлі саласындағы әйелдер рөлі» атты  форум өтті.

Форумға қаламыздың қоғамдық-саяси өміріндегі белсенді азаматшалар, Қаратау ауданы аумағындағы білім, денсаулық, мәдениет және спорт мекемелері басшылары (әйел азаматшалар) қатысты. Форум барысында отбасылық құндылықтардың маңызы, балалар құқықтары, әйелдер істері мен олардың қоғамдағы рөлі кеңінен талқыланды.

Қаратау ауданының әкімі  Рақымберді Мүлкеманов  форум спикерлері мен қатысушылары тарапынан айтылған пікірлер мен ұсыныстар аудандық әйелдер істері және отбасылық-демографмлық саясат жөніндегі комиссия жұмыс жоспарына енгізілетінін жеткізді.

-Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесіндегі қос босаға — тәртіп пен мәдениет күллі адам атаулының күнделікті әдеттеріне айналған кезде, біздер мейірімі мол қайырымды қоғамды құрып қана қоймай, зорлық — зомбылықсыз балалық шақтың шаңырағын биіктете түскен болар едік. Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық — зомбылыққа жол бермеу керек. Балалар – еліміздің болашағы. Оларды тәрбиелеу, оқыту, білім беру, болашаққа қадам бастыртып осы өмірде өз орнын таптыру- бәріміздің міндетіміз-дейді форумға қатысушы Шымкент қаласы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жанетте Жазықбаева

Форум соңы аудандық білім беру мекемелерінің тәрбие саласындағы жауапты басшыларына арналған тренингке жалғасты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *