САЙРАМ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА «VISIT SHYMKENT» ТУРИСТІК АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Сайрам тұрғын алабында «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ашылды,-деп хабарлайды Bozyq.kz.

Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен пресс-тур бастау алды.  Пресс-турға 50-ге жуық шетелдік және отандық travel-блогерлер, БАҚ өкілдері қатысып, қонақтар қаланың тарихи және тартымды орындарын тамашалады.

Қонақтар Цитадель, «Ибрагим ата» кесенесі, «Қызыр» мұнарасына саяхаттады. Пресс-тур қатысушылары Сайрам тұрғын алабындағы жаңа «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ашылу салтанатына қатысты.

 Сайрам тұрғын алабында қаншама сакралды орындар бар. Мұндағы тарихы терең, мән-мағынасы жоғары қасиетті орындарды көруге келетін туристердің саны артып келеді. Сондықтан оларға ақпараттық көмек керек. Осы мақсатта тұрғын алаптан «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығын аштық-дейді «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының басшысы Ерлан Умаров.

Жаңадан ашылған Визит орталығы 3 тілде ақпарат беріп отырады. Туристерге қажеттінің бәрін осы жерден табуға болады. Сайрамдағы тарихи орындардың картасы келушілерге мол ақпарат беруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, интерактивті тақта арқылы 3Д форматта бейне саяхат жасауға болады.

– Шымкент қаласына алғаш рет келуім. Тарихы терең,  көне қалалардың бірі екен. Халқы да қонақжай екен. Қаладағы мейрамханалап дәмі тіл үйірер дәмді асымен тәнті етті. Шымкент маған ұнады,-дейді Геманиядан келген Аксель Монзе.

Ақпараттық блог-тур бүгін басталды. Үш күнге созылады.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *