ШЫМКЕНТ: ЗАҢСЫЗ САЛЫНҒАН 175 ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫ БҰЗЫЛҒАН

Шымкент қаласында Геоақпараттық жүйе тестілік режимде қосылды,-деп хабарлайды Bozyq.kz.

2023 жылы Шымкент қаласы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан мониторинг жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде игерілмеген және нысаналы мақсаттары бойынша пайдаланылмаған 63 жер (алаңы 198,97 га) учаскесі анықталған. Бұл туралы Шымкент қаласы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқарма басшысы  м.у.а. Алмас Қамбаров мәлімдеді.

Сонымен қатар Шымкент қаласы аумағында бұрын салынған,  құжаты жоқ  2 314 тұрғын үй анықталған. Мемлекет меншігінің жеріне заңсыз салынған 175 құрылыс нысаны бұзылған.

-Заңсыз соғылған тұрғын үй иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мемлекет меншігіндегі өз бетінше жер иеленіп алудың жауаптылығы мен ол бойынша қолданылатын шаралар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді,- деді Алмас Лесбекұлы.

Шымкент қаласында Геоақпараттық жүйе тестілік режимде қосылды. Геоақпарттық жүйеге Шымкент қаласының инженерлік жүйелері бойынша электронды ақпараттары енгізілген және қала аумағындағы барлық жер учаскелері бойынша, яғни пайдаланылмаған жерлерді қашықтықтан анықтауға мүмкіндік береді. Шымкент қаласының тұрғындары үшін жалпы Геоақпараттық жүйе ашық карта, «http://geo-shym.kz» сайтында қолжетімді.

Айта кететін жайт, «ҚР-ның әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 3 бабы 1 тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қаланың мәртебесі берілген. ҚР-ның Жер кодексінің 43-1 бабында ауыл шаруашылығы мақсатындағы және жайылым жерлердің қолжетімділігін қамтамасыз ету республикалық маңызы бар қалаларда көрсетілмеген. Сол себепті, Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес қазіргі уақытта қала аумағында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер санаты қаралмаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *