ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Бүгінде әрбір үшінші қазақстандық немесе 7 млн 587 мың адам спортпен айналысады. Бұл жалпы халық санының 38,5%-ы. Оның ішінде 258 мыңнан астам бала мен жасөспірім 800-ден астам балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубтарында спортпен шұғылданады.

Бұқаралық спортпен халықтың шұғылдануын арттыру, спорт саласының жандануына тұрақты жағдай жасау — Мемлекет басшысы жүктеген маңызды тапсырмалардың бірі. Бұл апта Шымкент қаласы Қаратау ауданы «Шапырашты» елді мекенінде «Sarybai» спорт кешені ашылды. Нысан  ел игілігіне салтанатты жағдайда табысталды.

Нысан жергілікті меценат, белгілі спортшы М.Қыпшақбаевтың бастамасымен салынған.  Келушілер үшін кешенде спорттың бес түрі бойынша арнайы залдар қарастырылған. Жалпы 1000-нан астам баланы қамтуға жабдықталған кешенде бапкерлер қызметтеріне кірісті. Құрылтайшылар тарапынан қызметкерлерді жұмыспен, қатысушыларды арнайы спорт киімдері, құралдарымен қамту мүмкіндіктері толық қаралған. Өз кезегінде жергілікті билік аудан аумағындағы шалғай елді мекендердеде ауқымды спорт нысандары ашылатынын хабарлады. Осы орайда, бүгін Қаратау ауданы аумағындағы Шапырашты елді мекенінде жаңа “Sarybai” спорт кешені тұрғындардың игілігіне берілді.

Жергілікті меценат, белгілі спортшы М.Қыпшақбаевтың бастамасымен құрылысы бастау алған спорт кешенінде спорттың бес түрі бойынша арнайы залдар қарастырылған. Жалпы 1000-нан астам баланы қамтуға жабдықталған кешенде арнайы сала бапкерлері өз қызметтеріне кірісті. Құрылтайшылар тарапынан қызметкерлерді жұмыспен, қатысушыларды арнайы спорт киімдері, құралдарымен қамту мүмкіндіктері толық қаралған.

Алдағы уақытта аудан аумағындағы шалғай елді мекендерде де ауқымды спорт нысандары ашылатын болады.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *