АЗИАДАДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АЛТЫН МЕДАЛЬ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЙЕЛДЕР КОМАНДАСЫ СТЕНД АТУ ЖАРЫСЫНДА БІРІНШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

Қытайдың Ханчжоу қаласында XIX Азия ойындары өтіп жатыр.  Қазақстан қоржыны  алғашқы алтын медальмен толықты. Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша сынға түскен әйелдер құрамасы Әсем Орынбай, Зоя Кравченко, Ольга Панарина чемпион атанды.

 -Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында әйелдер командасының үздік нәтиже көрсетті. Біздің тек медальдар ғана емес, сонымен қатар Париждегі Олимпиадаға лицензиялар алу туралы жоспарымыз бар»,- дейді Стенд атудан Қазақстан командасының бас бапкері Сергей Колос.

 Азия ойындарының рекордын жаңартқан жерлесіміз Зоя Кравченко  Қазақстан   Республикасының  спорт шебері. Жаттықтырушысы  Владимир  Почивалов. «Шымкент қаласының кешенді жоғары  спорт  шеберлігі  мектебінің түлеге. Бұған дейін Қазақстан Республикасының Чемпионаты мен біріншіліктерінің, халықаралық турнирлердің  бірнеше дүркін жеңімпазы мен жүлдегері атанған. Жарыс өте тартысты өтті,- дейді Зоя Кравченко.

-Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін ұзақ дайындалуға тура келді. Дайындалдым. Өз нәтижесін берді. Қолдау көрсеткен азаматтарға алғысымды айтамын. Бәріңізге үлкен рахмет! Алда жоспар көп. Бізде әлі Көреяда өтетін Азия чемпионаты бар. Жақсы нәтиже көрсетуім керек. Олимпиада алтынын алуым қажет,-дейді  Зоя Кравченко.

Отандық мергендер бірінші орынға ие болып қана қоймай, жалпы 350 балл жинап, Азиада рекордын орнатты. Олар Қытай (348 ұпай) және Таиланд (342 ұпай) командаларынан озып кетті.

Айта кетейік, бұл Қазақстанның  Азияда ойындарында иеленген оныншы медалі. Ел қоржынында 1 алтыннан бөлек, 2 күміс, 7 қола бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *