ҚОСТАНАЙ ТЕАТРЫ –ШЫМКЕНТТЕ!

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының  «Облыстық қуыршақтар театры» Шымкент қаласында гастрольдік сапармен келді,-деп хабарлайды Bozyq.kz. 

Қостанай қаласында қуыршақ театры 1986 жылдың  31 желтоқсанында ашылған. 1999 жылы Қостанай облыстық қуыршақ театры М. Горький атындағы облыстық орыс драма театрымен біріктіріледі. Қазақстандағы жалғыз, жанры мен ерекшелігі мүлдем өзгеше екі шығармашылық ұжымның бірегей одағы Қостанай облыстық драма және қуыршақ театры мәртебесін алды.

Қазіргі уақытта театр репертуарында 50-ден астам спектакль бар, олардың көпшілігі әртүрлі деңгейдегі қуыршақ театрларының фестивальдерінде Қостанай облысын және танытып, бірнеше рет лауреат және дипломант атанды. Актерлар қуыршақтардың әр түрімен –планшетті, қолғапты, үлкен қуыршақтармен жұмыс жасайды.

Қуыршақ театры — театр өнерін насихаттау мен дамытуда елеулі табыстарға қол жеткізді. Соңғы жылдары жоғары сынып оқушылары мен ересектерге арналған үш спектакль қойылды: Э. Хемингуэйдің повесі негізінде «Старик и море» (режиссёр Д. Жұмабаева), А.Пушкиннің повесі бойынша «Пиковая дама» спектаклі (режиссёр А. Зайцев)  және А. П. Чеховтың пьесасы бойынша «Предложение» спектаклі (режиссёр Ю. Семенова).

Қуыршақ театры өзінің аз ғана тарихында өңірдегі театр өнерін насихаттау мен дамытуда елеулі табыстарға қол жеткізген.  Театр көп гастрольдерге шығады, қайырымдылықпен айналысады. Көрермендердің бірнеше буыны қуыршақ театрының қойылымдарын тамашалап өскен. Театр ұжымы заман ағымына ілесіп, өз шеберлігін шыңдауда, жұмыстың сан алуан түрі мен әдістерін қолданып, оны жетілдіріп, жаңасын енгізіп, заманауи көрерменнің талғамына, дүниетанымы мен сұранысына сай жұмыс жасауда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *