Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Шымкент қаласында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан бірқатар нысандарды аралады,-деп хабарлайды Bozyq.kz Солардың бірі Түркістан көшесі бойындағы 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы.
Жобаға сәйкес, нысан 3 блоктан тұрады. Соңғы үлгідегі жабдықталған ғимаратта қызметкерлер кабинеттерінен бөлек мәжіліс залы, қоймалар, асхана, демалыс бөлмесі, мұрағат, оқу сыныбы орналасқан. Қазіргі таңда, құрылыс-монтаждау жұмыстары 80 пайызға орындалған.Шымкентте биыл 3 өрт сөндіру депосының құрылысын жүргізу жоспарланған. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылады. Қала әкімі жауаптыларға депо құрылысын тиісті талаптарға сай жүргізіп, ең алдымен сапаны бақылауды тапсырды.
Шымкентте Кеңес дәeрінен қалған көздей, қаңырап бос тұрған бір нысан бол. Ол- «Фосфоршылар» сарайы. Қала әкімі Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесуінде Өркен Әбдіреев есімді ақсақал «Фосфоршылар» сарайының бүгінгі ахуалы жөнінді мәселе көтерген болатын. Ғабит Сыздықбеков «Фосфоршылар» сарайының жағдайымен танысты.
Аталған нысан – әзірге жеке серіктестіктің мүлкі. Ал серіктестіктің үлесі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің атына республикалық меншікке тіркелген. Осыған дейін қала әкімдігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен серіктестіктің жарғылық капиталынан «Фосфоршылар» сарайын мүлік ретінде бөліп шығарып, коммуналдық меншікке беру туралы ұсынысын жолдаған. Қазіргі таңда аталған мәселе бойынша құзырлы органдар тиісті жұмыстар жүргізуде. Шаһар басшысы жауаптыларға осы бағыттағы кешенді шараларды заң шеңберінде жүргізіп, ғимаратты елдің игілігіне пайдалану бойынша нақты тапсырмалар берді.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков табан тіреген тағы бір нысан теміржол вокзалы болды. Қазірвокзал ғимаратында реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстары толық аяқталса вокзалдың жолаушы өткізу қабілеті тәулігіне 2 мың адамды құраса, қайта құрудан кейін 6 мың адамға дейін артады. Бүгінде сол қанаттың төменгі қабаты мен қасбетін монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Осыған дейін нысан сейсмикалық тұрғыдан күшейтіліп, жылыту, электр қуаты, өрт қауіпсіздігі, байланыс және бейнебақылау жүйелері орнатылды. Қазіргі таңда жоғары қабаттың дайындығы 70%-ға жеткен, әрлеу жұмыстары жалғасуда.
Жоба бойынша қасбетті монтаждау кезінде ұнтақ бояумен боялған және пеште кептірілетін мырышталған сапалы панельдер пайдаланылады. Құрылыс материалдары беріктігімен ерекшеленеді, ылғалға төзімді. Вокзал ғимараты республикалық маңызы бар қаланың ерекшелігіне сай қайта құрылып, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Қала әкімі жауаптыларға нысанды мегаполис сәулетіне сай жабдықтап, мерзімінде қолданысқа беруді тапсырды.