Қытайда өтіп жатқан Ханчжоу — 2023 Азия ойындарында Зухра Ирназарова-нысана көздеуден Азия ойындарының чемпионы атанды,-деп хабарлайды Bozyq.kz. 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 18 жастағы жерлесіміз алдына жан салмады. Біздің отандасымыз 560 ұпай жинап, Солтүстік Кореядан келген екі мергеннен озып кетті.
1. Зухра Ирназарова — 560 ұпай
2. Жие Ри — 554 ұпай
3. Оксим Паек — 551 ұпай
4 .Фатима Ирназарова — 541 ұпай
5 . Александра Садуақасова — 541 ұпай
-“Керемет нәтиже! Зухраны кез-келген спортшы үшін маңызды жеңісімен құттықтаймын! Бұл ол үшін соңғы жетістік емес екеніне сенімдімін”, — деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Бұл Азиададағы еліміздің ұлттық құрамасы үшін екінші алтын медаль. Естеріңізге сала кетейік, кеше Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панаринадан жасақталған стенд атудан Қазақстанның әйелдер командасы “скит” жаттығуында алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарының рекордын 350 баллға жеткізді.
Бүгінге дейін қазақстандық атқыштар 8 медаль, оның ішінде 3 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
Естеріңізге сала кетейік, ұлттық құрама сапында 33 спортшы бар, оның 21-і оқ ату бөлімінің, 12-сі саз көгершін ату бөлімінің спортшылары.
Айтпақшы, 23 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында Азияның 45 елінен 13 мыңнан астам спортшы қатысқан құрлықтық жарыстар басталды!