ТҰРАН АУДАНЫНДАҒЫ 30 КӨШЕГЕ ИРРИГАЦИЯ ОРНАТЫЛДЫ

Тұран ауданындағы 30 көшеге ирригация орнатылды,-деп хабарлайды Bozyq.kz.

2023 жылы Тұран ауданындағы 41 көшеге биыл 24 шақырымды құрайтын ирригациялық жұмыстар жүргізу жоспарланған.  Миллион тұрғыны бар ірі қалаларда ирригация мәселесі өзекті. Әсіресе, көктем мен күз айларында жауын-шашын көбейіп, арық-атыздар арнасынан тасып, кейбір көшелерді су алу қаупі кездеседі. Сондықтан төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Тұран ауданында 2023 жылы барлығы 41 көшеге 24,01 шақырым ирригация жүйесін салу көзделген. 

Қазіргі уақытта Қазығұрт, Құрсай, Түркістан, Наурыз, Орталық және 112 орам аумағындағы 30 көшеге жалпы ұзындығы 15,5 шақырымнан тұратын ирригация салынып, пайдалануға берілді.  Олар Оңдасынов, Қызылқұм, Қосмекен, Арыстан баб- Талдыкөл, Сәулетші, Нұрлы, Мұқанов, Баянауыл, Отырар, Жандарбеков, Бөгенбай, Төлебаев, Шымған және т.б. көшелер.

Ал қалған 11 көшеде қазір ирригация салу құрылыс жұмыстары қарқынды жалғасуда. Аталған жұмыстарды биылғы жылдың қазан айында толығымен аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған. Бүгінде Шымкент қаласындағы 5 ауданда  ирригациялық жүйелер, кәріз жүйелерінің құрылысы қызу жүріп жатыр.  Коммуналшылар  ала жаздай тынып таппады.  Әр ауданда жоспар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Айта кетейік, қала әкімдігі тарапынан қала аумағында су шаю қаупі туындаған қауіпті орындарға зерделеу жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *