ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

YIII шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының жетінші сессиясы өтті.  Мәслихат хатшысы  Бахадыр Нарымбетовтың  төрағалығымен өткен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында 13 мәселені талқылады.
Олар:
1. «2023-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №23/217-VII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. Шымкент қаласы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары туралы;
3. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының есебі туралы;
4. Жолаушыларды тасымалдау қызметінің сапасын дамыту жоспары туралы;
5. «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №37/295-6с шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
6. «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №37/294-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
7. «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №37/293-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
8. Шымкент қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу және Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы;
9. Шымкент қаласының Экспорт жөніндегі өңірлік кеңесінің дербес құрамын бекіту мәселесі бойынша Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы;
10. «Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» 2019 жылғы 29 наурыздағы №47/386-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешiмiне өзгерістер енгізу туралы;
11. «Шымкент қаласы мәслихатының регламентін бекіту туралы» 2018 жылғы 13 қыркүйектегі №38/312-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
12. «Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» 2023 жылғы 30 наурыздағы №1/5-VII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
13. Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясының өткізілуін жоспарлау туралы.

Жиынға қала әкімдігінің мүшелері, аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Бірлескен мәжілісте «2023-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №23/217-VII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «Жолаушыларды тасымалдау қызметінің сапасын дамыту жоспары туралы» мәселелер қайта пысықтау қажет етілуіне байланысты күн тәртібінен алынды. Ал күн тәртібіндегі қалған мәселелер бойынша баяндамашыларға депутаттар тарапынан тиісінше сауалдар қойылып, шешім жобасы кезекті жетінші сессияға ұсынылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *