МӘДЕНИЕТ САЛАСЫН ЖАНДАНДЫРУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мәдениет саласы және зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Мәдениет саласындағы түйткілді мәселер қаралған кездесуге шаһардағы әр саланың үздіктері мен ардагерлері, ақын-жазушылар, суретшілер, қолөнер шеберлері, кітапхана, театр, музей, мәдениет орталықтарының басшылары қатысты.

Жиында саладағы маңызды мәселелер талқыланып, мегаполистің мәдени өмірін жақсартуға бағытталған ұсыныс-пікірлер талқыланды. Зиялы қауым және мәдениет өкілдері қала әкіміне көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, саланы дамытуда маңызды бастамаларын жеткізді.

Басқосудың басты мақсаты мегаполистің мәдениетін республикалық және халықаралық деңгейге көтеру керек екенін айтқан аймақ басшысы Шымкент қаласының  рухани келбеті мен болмысы, оның мәдениетінен, атап айтқанда, өнер, әдебиет, театр мен ақындық өнер сынды жауһарлардан тұратынын жеткізді.

“Қай кезде де мәдениет – халықтың рухани келбеті, ұлт айнасы. Ұлт руханиятының бір бөлшегі саналатын мәдениет саласының жұмысын жандандыру, туындаған мәселелердің дер кезінде шешімін табу — ортақ міндет. Осы орайда, өздеріңізбен арнайы кездесуді жөн санадым. Алдағы уақытта қала мәдениеті мен өркениетін дамыту бағытындағы жұмыстарды бірге жалғастырамыз” – деді қала әкімі Ғабит Сыздықбеков.

Мәдениет саласының өкілдері жатақхана, ғимарат, қала мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге озық ойлы жас мамандарды жұмылдыру сияқты өзекті мәселелерді көтерді. Сондай-ақ қалада “Наурыз айтысын” қайта жандандыру бастамасы айтылды.

Қала басшысы жиында көтерілген барлық мәселенің оңтайлы шешілетінін жеткізіп, мегаполис мәдениетін көтеруге атсалысуға шақырды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *