35 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ АЗАМАТТАР БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛУДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУҒА ИЕ БОЛАДЫ

Шымкент қаласында 2023 жылдың соңына дейін жұмыс істейтін жастарға арналған арендалық бағытта 888 пәтер беріледі. Бұл туралы қаладағы ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы Тұрғынүй басқармасының басшысы Өтебаева Жанат Өмірсейітқызы мәлімдеді.

Биылдан бастап 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына еніп, баспанамен қамтылуда мемлекеттік қолдауға ие болады  Мемлекеттік жастар саясаты жөнінде қабылданған заң  бірнеше жаңа нормаларды қамтиды. Бағдарлама қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

-Жұмыс істейтін және 35 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматы болса;

-өтініш берушінің ай сайынғы табысы 40 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) тен  кем емес  болуы (соңғы 6 ай ішіндегі);

-тұрғылықты мекен-жайы Шымкент қаласында үш жыл болуы;

-иеліктерінде соңғы 5 жылда ҚР аумағында тұрғын үй тіркелмеуі.

Шымкент қаласы бойынша әзірге жастар бағдарламасы басталған жоқ. Бұл бойынша алдын ала БАҚ-та және әлеуметтік желіде хабарландыру жарияланатын болады.  Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 8 ақпандағы «жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру ережесі» туралы №60  бұйрығына сәйкес, тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау қарастырылған.

Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде 51 013 азамат тұр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *