ШЫМКЕНТТЕ ХОККЕЙДЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Шымкентте шайбалы хоккейден республикалық «Федерация кубогы»  турнирі  басталды.  Байрақты бәсеке 2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында өтіп жатыр.  Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 7 команда қатысуда. Шайбалы хоккей шеберлері бір апта бойы өзара кім мықтыны анықтайтын болады.

Республикалық деңгейде өтіп жатқан Федерация кубогына Астана, Алматы, Қызылжар, Ақсу, Қарағанды және Шымкент қалаларынан командалар қатысып, бақ сынауда. Жарысқа жалпы 141 жасөспірім қатысса, оның 23-і жергілікті спортшылар.

Жасөспірімдер арасында өтіп жатқан  «Федерация Кубогына» арналған республикалық турнирдің басты мақсаты қазақ елінде кенже қалып қойған шайбалы хоккей спортын дамту. Сонымен қатар, жастарды бұқаралық спортқа баулу, олардың бос уақытын тиімді пайдалану. Жарыстың ашылу салтанатына Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Шоқан Әбдіхалықов арнайы қатысты. Барлық спортшыларға сәттілік тіледі.

-Бүгінгі іс-шараға Қазақстанның әр аймағынан 7 команда қатысып отыр. Біздің жасөспірімдердің ішінен еліміздің туын желбіретіп, әнұранын шырқататын спортшылардың шығатынына біз кәміл сенеміз. Барша спортшыларға, командаларға сәттілік тілеймін,-.деді Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Шоқан Әбдіхалықов.

Айта кетейік, федерация кубогы додасы қазанның 4-і мен 10-ы аралығында өтеді. Жеңімпаз және жүлдегер командалар 10 қазан күні анықталып, марапатталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *