ШЫМКЕНТТЕ ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Шымкент  қаласының емханаларында тұмауға қарсы вакцинация науқаны басталды. Тұмауға қарсы вакцина ауруға қарсы иммунитетті қалыптастыруға және асқынулардың алдын алуға арналған,-дейді дәрігерлер.

Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жүкті әйелдер мен 60 жастан асқан адамдар иммундауға жатады. Негізгі ауруға байланысты тұмаудың неғұрлым ауыр түріне бейім адамдар да вакцинациялануы керек.

Тұмауға қарсы екпеден кейін толық иммунитетке жету үшін екі апта қажет. Осы уақыт ішінде тұмау және басқа вирустық ауру белгісі бар адамдармен қарым-қатынасты шектеген жөн.

Өткен эпид кезеңінде қала аумағында  9 тұмаудың нақтыланбаған 93 жағдай тіркелген. Жалпы, тұмаудың алдын-алу бағытында жергілікті бюджет есебінен қала тұрғындарының  12,6 пайызына жететін  «Гриполл+»  вакцинасы  сатып алынған. Яғни, жіті респираторлық вирусқа қарсы екпе барлықа адамға салынбайды.

Айта кетейік, жылда тұмауға қарсы екпе салу  1-қазаннан басталады. Жалпы,  вирусқа қарсы иммундау жұмыстары қараша айының 15-не дейін жалғаспақ.  Мемлекет басшысы «ең алдымен халық денсаулығы басты орында тұруы тиіс» деген болатын. Осыған орай, Шымкентте ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Жалпы,   бүгінгі таңда үшінші  мегаполисте эпизоотиялық ахуал тұрақты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *