ШЫМКЕНТ: XVІ ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Шымкент қаласы  «Дарын»  орталығының ұйымдастыруымен, жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XVІ Президенттік олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңі өтті. Аталған іс-шара қаламыздағы Alan International School базасында барлық талаптар мен ашықтық қағидаттарын сақтай отырып, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі қатысуымен және тікелей ютуб-трансляция арқылы ұйымдастырылды.  Олимпиадаға қатысуға қаладағы 129 білім беру ұйымдарынан сұраныс келіп түсіп, 115 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша, жалпы қатысушылардың 45%-ы І,ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен және грамоталармен марапатталып, соның ішіндегі ең жоғарғы балл жинаған 20 оқушы келесі кезеңге жіберілді. Қорытынды хаттамалар https://daryn-shymkent.kz/ru/post/index?type=14 сайтында жарияланды.

Айта кетейік, Президенттік олимпиада жыл сайынғы іс-шара болып табылады.

Президенттік олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:
1) орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау;
2) жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету;
3) тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *