ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы лауазымына Сейтенов Ержан Іргебайұлы тағайындалды.

Сейтенов Ержан Іргебайұлы тағайындалды 1974 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында туған.

Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің түлегі, құқықтану магистрі.

Ержан Іргебайұлы еңбек жолын 1990 жылы Жаңақорған темір-бетон конструкцияларын өндіретін кәсіпорында жұмысшы болып бастап, жеке секторда жауапты басшылық қызметтер атқарған.

2008-2011 жылдары — «Алматы Петр қызметі» МКҚК басшысының орынбасары. 2011 — 2012 жылдары — «Silk Road — Kazakhstan» ЖШС вице-президенті.

2015 жылдан 2016 жылға дейін – Алматы қаласы СПК ҰК АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі».

2016–2019 жылдары – Алматы қаласы бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының бастығы.

2019 жылдың ақпанынан 2020 жылдың ақпанына дейін Ержан Сейтенов Алматы қаласының жасыл экономика басқармасын басқарды. Одан кейін оңтүстік астананың тұрғын үй саясаты басқармасын басқарды.

2021 жылғы мамырдан 2023 жылғы мамырға дейін – Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж.), «Қазақстанның Конституциясына 25 жыл» (2020) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Ержан Сейтенов Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы ретінде 2021 жылдың 19 наурызынан  бері осы қызметті атқарған Ғабит Мәуленқұловтың орнына келді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *