Шымкентте жалға алынған пәтерді субсидиялауға бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуы тексерілуде. Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы жүргізген мониторингке сәйкес, 256 азаматпен жасалынған келісімшарт тоқтатылды.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру ережесі» туралы бұйрықта көрсетілгендей аталған бағдарламаға белгіленген топтар ғана қатыса алады. Олар: І, ІІ топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы отбасылар.
Бұйрық күшіне енген сәттен бастап Шымкентте 1 769 азаматқа субсидия берілген.
- Жалпы 2023 жылға 200 млн. теңге қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертифаттарын беру жоспарланып, 170 азаматқа 149,1 млн. тг. берілілді. (көпбалалы отбасылар – 76, толық емес отбасылар – 16, мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар – 74, мемлекеттік қызметкерлер – 4)
- Айта кету керек, 2022 жылы Шымкент қаласы бойынша 2881 пәтер берілген болса, оның шінде:
- 748 пәтер- кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, көпбалалы отбасыларға және жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға;
- 857 пәтер — жұмыс істеп жүрген жастарға табысталған болатын. 1276 пәтер — «Отбасыбанк» АҚ-ы арқылы «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20 Шаңырақ», «5-20-25» бағдарламалары бойынша несие негізінде берілді.