Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында грек-рим күресінен Мейіржан Шермаханбет Азия ойындарын күміс жүлдемен аяқтады,-деп хабарлайды Bozyq.kz ақпарат агенттігі.
Жерлесіміз Мейіржан Шермаханбет 67 келіге дейін салмақта күресті. Ол Финалда жапониялық Кацуаки Эндоға есе жіберді.
Бұл салмақтағы екі қола Сайед Даниал Сохраби мен Раззак Бейшекеевтің (Қырғызстан) еншісінде кетті. Мейіржан (67 кг) таңертең бозкілем төрінде 1/8 айналымда Наттапонг Хинмиді (Таиланд) сосын, жарыс қожайыны Лэй Лиді, жартылай финалда жастар арасындағы әлем чемпионы Сайед Даниал Сохрабиді (Иран) таза жеңді.
Бұған дейін Айдос Сұлтанғали (60 келі) бесінші орынға тұрақтаған болатын.
Айта кету керек, бұл XIX жазғы Азия ойындарындағы Қазақстан құрамасының он бірінші күміс медалі.
Шермаханбет Мейіржан Анарбайұлы грек-рим күресінен 67 келі салмақта Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Шымкент қаласының спортшысы. Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының мүшесі,
Мейіржан Шермаханбет 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2022 жылғы Азия чемпионы.
2019 жылы Әлем Чемпионатының Будапешт (Венгрия) қола жүлдегері, Азия чемпионаты (Сиань 2019) күміс медель, (Улан-Батор 2022) алтын медаль. Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Будапешт 2018).
2023 жылы XIX Азия ойындарының күміс жүлдегері, Қытай, Ханчжоу қаласы.