ШЫМКЕНТ: КҮРДЕЛІ ОТАЛАР ЖАСАУ ШЕБЕРЛІК- СЫНЫБЫ ӨТТІ

Шымкент қалалық № 2 ауруханасында жоғары санатты нейрохирург Мыңжылқы Бердіходжаевтың жетекшілігімен күрделі оталарды жасау бойынша шеберлік-сыныбы өтті. Тәжірибе алмасу кезінде аурухана базасында инсульттен келетін қауіпті алдын алу үшін төрт науқастың мидағы қан тамырына күрделі ота жасалды. 

Мамандар дер кезінде анықтаған ми тамырларының қауіпті патологиясы мен сәтті жасалған шұғыл ота науқастардың өмірін сақтап қана қоймай, оның белсенділігін толық қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Айта кетейік, осыған дейін мұндай оталар Астана, Алматы және шетелдерде жасалатын. Еліміздегі жетекші нейрохирург Бердіходжаевтың қатысуымен өткен шеберлік сыныбында жергілікті дәрігерлер ота жасауда тәжірибелерін шыңдап, кәсіби біліктіліктерін арттырды.

Бүгінде Шымкенттік дәрігерлер шетелде білімін жетілдіріп,  біліктілігін арттыруда. Қазіргі таңда 16 медицина маманы Израиль  елінің дәрігерлерімен тәжірбие алмасып жатыр. Бұл жоба Шымкент үшінші мегаполис аталғалы алғаш рет қолға алынып отыр. Сала мамандарының айтуынша соңғы 5 жылда шаһар дәрігерлері шет мемлекетке бармаған, тәжірбие алмаспаған.  Соңғы 9 айдың қорытындысы бойынша биыл ана өлімі тіркелмеген. Нәресте өлімінің көрсеткіші төмендеген.

Қазіргі уақытта Шымкенттегі медициналық мекемелердің заманауи жабдықтармен қамту көрсеткіші 79 пайызды құрап отыр. Жыл соңына дейін көрсеткіш  81 пайыз болуы керек. Ал 2025 жылға дейін ауруханаларды құрал жабдықтармен жарақтандыру үшін  республикалық бюджеттен 10,5 млрд теңге қаржы бөлінеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *