ШЫМКЕНТТІК ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ЕКІ БАЛАНЫ ҚҰТҚАРДЫ

Шымкенттік өрт сөндірушілер екі баланы құтқарды,-деп хабаралайды Bozyq.kz ақпарат агенттігі.

Шымкент қ. ТЖ департаментінің «101» диспетчерлік қызметіне 2023 жылғы 10 қазанда  сағат  16:02-де  Абай ауданы, Төлеметов көшесінде көпқабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Өрт орнына тез арада  7 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 37 адам жіберілді. Оқиға орнында тұрғын үйдің бір  пәтерінде балконда үй заттары жанып, өрттің салдарынан үй қара түтінге толғаны анықталды.

Өрт сөндірушілер өрттің одан әрі таралуына жол бермей, сағат 16.20-да өртті оқшаулап, 16.24-те толығымен сөндірді. Тілсіз жаудың алдын алды.

Ең бастысы №5 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушілері Марат Әліпбаев және Арман Махмұт қою түтінге оранған пәтердің ішіннен  4 және 5 жасар екі бүлдіршінді  тауып, қауіпсіз жерге тез арада  алып шығып,  жедел-жәрдем бригадасына тапсырды.  Алдын ала болжам бойынша балалар отпен ойнап, өрттің шығуына себепші болған.

Шымкенттік өрт сөндірушілердің жедел әрекет етіп, кәсіби әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайға жол берілмеді.

Құрметті қала тұрғындары! Өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!

Шымкент қ. ТЖ департаментінің «101» диспетчерлік қызметіне 2023 жылғы 10 қазанда сағат 16:02-де Абай ауданы, Төлеметов көшесінде көпқабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Өрт орнына тез арада 7 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 37 адам жіберілді. Оқиға орнында тұрғын үйдің бір пәтерінде балконда үй заттары жанып, өрттің салдарынан үй қара түтінге толғаны анықталды.

Өрт сөндірушілер өрттің одан әрі таралуына жол бермей, сағат 16.20-да өртті оқшаулап, 16.24-те толығымен сөндірді.

Ең бастысы №5 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушілері Марат Әліпбаев және Арман Махмұт қою түтінге оранған пәтердің ішіннен 4 және 5 жасар екі бүлдіршінді тауып, қауіпсіз жерге тез арада алып шығып, жедел-жәрдем бригадасына тапсырды. Алдын ала болжам бойынша балалар отпен ойнап, өрттің шығуына себепші болған.

Шымкенттік өрт сөндірушілердің жедел ден қойып, кәсіби әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайға жол берілмеді.

«Өрт орнына тез жеткен мамандандырылған жасақ  тез арада қою түтінге оранған үйге кіріп,  балаларды дер кезінде арнайы тыныс алу аппараттарының көмегімен сыртқа шығарды. Кейін дәрігерлер қолына табыстаған. Осылайша өрт сөндірушілер 2 баланың өмірін құтқарып қалды», – делінген қалалық ТЖД баспасөз хабарламасында.

Құрметті қала тұрғындары! Өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *